Жаңа су кодексінің жаңалығы неде? Серікжан Бекетаев

Су – тіршілі көзі ғана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Қазақстанда су тапшылығы жылдан жылға күрделеніп келеді.

Осыған байланысты 2025 жылдың 10 маусымынан бастап күшіне енетін жаңа Су кодексі қабылданды. Бұл құжатта суды тиімді пайдалану, климаттың өзгеруіне бейімделу, қоғамдық бақылауды арттыру сынды маңызды бағыттар қамтылған.

1. Жаңа Су кодексінің негізгі қағидаттары мен басты ерекшеліктері неде?

2. Судың «қара нарығымен» күрес және су ресурстарын тиімді басқару үшін қандай нақты тетіктер енгізілді?

3. Қоғамдық бақылау мен жұртшылықты су ресурстарын басқару процесіне тарту қалай жүзеге аспақ?

4. Ауыл шаруашылығында суды үнемдеу және ирригациялық жүйелерді жаңарту бойынша қандай шаралар көзделіп отыр?

5. Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін су секторында қандай жобалар мен цифрлық шешімдер қолға алынды?

Спикер: Серікжан Бекетаев, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су саясаты департаментінің директоры.