Қазақстанда регбиден Азия чемпионаты өтеді. Сымбат Жаманқұлова
15 мамыр күні Алматыда, регбиден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.
2006 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан құрлық бәсекесінің қорытындысы бойынша әлем біріншілігіне жолдама беріледі. Жарысқа 15 команда қатысады. Басты қарсыластарымыз Жапония және Гонконг құрамасы. Дүбірлі доданы 18 халықаралық телеарна көрсетіп, 12 млн халық тікелей эфирде, ал 15 мың көрермен стадионда тамашалайды деп жоспарланған.
Спикер регбиден Қазақстан құрамасының ойыншысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сымбат Жаманқұлова