Инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдауды жетілдіру. Айтуар Қошмамбетов

Мәжілісте өткен бүгінгі отырыс инновациялық қызмет саласын дамыту мәселесіне арналды. Талқылау барысында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, бизнес пен ғылым арасындағы байланысты нығайту, сонымен қатар стартап жобаларды жүйелі қолдау жайы сөз болды.

1. Бүгінгі отырыста инновациялық қызметке қатысты қандай негізгі мәселелер көтерілді?

2. Қазіргі қолданыстағы қолдау тетіктері қандай олқылықтарға тап болып отыр?

3. Инновацияға қаржы бөлу кезінде жеке сектор мен мемлекеттің рөлі қалай ажыратылмақ?

4. Ғылыми идеяларды нарыққа енгізу ісінде қандай кедергілер бар және оларды қалай жою қажет?

5. Ауыл-аймақтағы жас өнертапқыштар мен стартап бастамаларға нақты қандай қолдау ұсынылады?

6. Мәжіліс қарауындағы жаңа заң жобасы осы салаға қандай өзгерістер әкелуі мүмкін?

Қосымша 2 сұрақ:

1. Инновациялық даму туралы жиі айтқанымызбен, Қазақстанда шынайы технологиялық серпіліс байқалмайды. Бұл – саяси ерік-жігердің әлсіздігінен бе, әлде бюрократиялық кедергілерден бе?

2. Қаржы бөлініп жатқаны рас, бірақ нәтижесі мардымсыз. Бұл қаржының тиімді жұмсалмауынан ба, әлде бақылау тетіктері әлсіз бе?

Инновациялық экономика – болашақтың тірегі. Алайда, оны дамыту үшін заңнамалық өзгерістермен қатар, нақты іске бағытталған жүйелі қолдау қажет. Мәжіліс бұл бағытта қандай нақты шешімдер қабылдайды – алдағы уақытта белгілі болмақ.

Спикер: Айтуар Қошмамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.