Ақмола облысында ЖИ-терапевт сервисі сынақтан өтіп жатыр
Қазіргі таңда ауыл медицинасына заманауи технологияларды енгізу-маңызды бағыттардың бірі.
Жасанды интеллектке негізделген жаңа шешімдер дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, халыққа медициналық көмекті қолжетімді етуді көздейді. Ақмола облысының бірқатар медециналық ұйымдарында қазір ЖИ-терапевт сервисі сынақтан өтіп жатыр. Бұл қандай жүйе? Науқастарға қалай көмектеседі?
Спикер: Айтбаева Макпал Елеусізқызы – Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс маманы, Красный Яр ауылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының директор орынбасары.