Әскерге шақыру тәртібі өзгерді. Дәуренбек Шегебаев
1. Әскерге шақыру бір парақ түрінде емес, хабарлама арқылы ұялы телефонға жіберіледі. Бұл жоба нақты бекітілді ме? Қай күннен басталады?
2. Егер бұл хабарламаны елемесе немесе көрмесе бірден айыппұл салына ма? Айыппұл көлемі қанша?
3. Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында әскердегі қысым, зорлық, қылмыс жиі айтылады. Мемлекет тарапынан жастарды әскерге үгіттеу, жігерлендіру шаралары туралы айтайықшы.
3. Мылтық ұстап, мылтық жинауды үйреткен мектептегі алғашқы әскери дайындық сабағына көңіл бөлінбей жатыр деп ойламайсыз ба? Меніңше, осы жерден әскери тәрбие шыңдалу керек секілді?
4. Көбіне айтылатын әңгіме әскерде сарбаздар көбіне тегін қара жұмыс ретінде пайдаланылады деген. Әрине, дисциплина сақтап, тәртіпке ден қою керек, бірақ олардың кәсіби деңгейде өсуіне тұсау болмай ма? Бір жыл бойы қара жұмыс ретінде жүрген адамда міндетті түрде рухани құлдырау байқалады ғой осы туралы айтсақ?
5. Әскерден келушілерге өзгелерге қарағанда қандай үстемділік бар?
6. Мына 40 күндік әскер деген бар.Қабылдану үшін азаматқа қандай талаптар қойылады? Олар қырық күн ішінде нені меңгеріп шығады?
Спикер: Шегебаев Дәуренбек Сұлтанбекұлы, ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті басқармасының аға офицер.