Аграрлық саланың әлеуеті. Әли Бектаев

Бүгін біз еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің даму әлеуеті мен қазіргі ахуалы туралы сөз етеміз. Ауыл шаруашылығы – экономиканың стратегиялық саласы ғана емес, ауылдағы халықтың тұрмысын жақсартатын негізгі тірек. Бұл бағыттағы жетістіктер де, шешімін күткен түйткілдер де бар.

1. Президент Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру, оның ішінде ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мен ғылымды енгізу мәселелері айтылды. Осы бастамаларды іске асыруда Парламент пен Үкіметтің нақты қадамдары қандай болмақ?

2. Биыл ауыл шаруашылығын қолдауға 1 триллион теңге бөлінді. Дегенмен, шаруалар қаржыға қол жеткізудің қиындығын жиі айтып жүр. Қаржыландырудың әділ әрі тиімді жүйесін құру үшін қандай өзгеріс қажет?

3. Президент үш жылда өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ке жеткізу міндетін қойды. Бұл мақсатқа жетуге мүмкіндігіміз бар ма? Оған не кедергі?

4. Агросаланы жаңа модельге көшіру үшін Үкіметке нақты жоспар әзірлеу тапсырылды. Сіздің ойыңызша, Қазақстанда агроэкономикаға сапалы серпін беретін басты бағыттар қандай болуы тиіс?

5. Ауыл шаруашылығын қаржыландыруда жиі айтылатын мәселе субсидия мен жеңілдетілген несиенің қолжетімсіздігі. Әсіресе, ұсақ және орта фермерлер банк талаптарына сай келмей, қолдау ала алмайды. Осы жағдайда агросекторға әділ әрі тиімді қаржыландыру жолдпрын қалай қарастыруға болады? Жүйенің түбегейлі реформасы қажет емес пе?

6. Қазақстанның аграрлық ғылымы әлеуетті болғанымен, іс жүзінде баяу дамып келеді. Көптеген ғылыми жобалар қағаз жүзінде қалып, өндіріске жетпей жатады. Бұған не себеп және қалай еңсеруге болады?

7. Ауыл шаруашылығы тек азық-түлік қауіпсіздігінің ғана емес, елдің экономикалық қуаты мен ауылдағы тұрмыстың тірегі. Сондықтан бұл саланы дамыту ұлттық мүдденің өзегі.

Бектаев Әли Әбдікәрімұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы.