LRT жобасы: тиімділігі мен маңызы. Ұлыбек Киманов
Астанадағы көлік кептелісі күннен күнге күрделеніп бара жатқан мәселе екенін көріп отырсыздар. Автокөлік саны өсіп, жолдардың жүктемесі артуда. Бұл түйткілді шешудің жолдары қандай? LRT жобасы шынымен де қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетуге ықпал ете ме?
1. Астанада жолдардың жүктемесі жылдан жылға артып келеді. Сіздің ойыңызша, бұл ең алдымен қандай факторларға байланысты көліктің шамадан тыс көбеюіне ме, әлде қала құрылысының жоспарлауындағы олқылықтарға ма?
2. Қаладағы көлік кептелісін азайту үшін әкімдік түрлі шара қабылдап жатыр, бірақ нәтиже әлі де толық сезілмейді. Негізгі жүйелі қателік неде деп ойлайсыз?
3. LRT жобасы көп талқыланған тақырып. Урбанистік тұрғыдан қарасақ, ол жолдағы жүктемені нақты қаншалықты азайта алады? Қаладағы кептеліс мәселесін түбегейлі шеше алады ма?
4. Автокөлік иелерін қоғамдық көлікке көшуге ынталандыру үшін қандай түбегейлі өзгерістер керек? Қазіргі шаралар жеткілікті ме?
5. Ал енді ұзақмерзімді перспективада қаладағы көлік кептелісін шешудің ең тиімді жолы қайсы: жаңа жолдар салу ма, әлде қоғамдық көлікті түбегейлі реформалау ма?
Демек, көлік кептелісін азайту үшін тек жол салу жеткіліксіз. Сондықтан қаланың көлік жүйесін кешенді түрде дамыту, қоғамдық көлікті барынша қолжетімді әрі қолайлы ету басты бағыттардың бірі болып қала береді.
Спикер: Ұлыбек Киманов, урбанист.