Еліміздің әлемдік саясаттағы рөлі қандай? Әйгерім Әбдірашитова

  1. Президент берген сұхбаттан менің түртіп алғаным: уақыт белдеуі жайы, Талғардағы оқиға, тіпті Дональд Трамптың телефон арқылы Украинадағы әскери іс-қимылды тоқтатуға қатысты Президентіміздің пікірін сұрауы. Ал сіз қандай айшықты оқиғаларды түртіп алдыңыз?
  2. Қазір қоғамда талқыланып жатқан уақыт белдеуі жайлы да пікір білдірді?

«Азаматтарымыз түрлі өтініш білдіріп жатыр. Мұны бақылауда ұстаймын.1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізіледі», - деді. Бұл туралы не айтасыз? Әлем елдерінде мұндай тәжірибелер бар ма?

  1. Президентіміз Қазақстанды парламенттік басқару жүйесіне көшіру үшін іргелі реформа дайындалып жатыр деген ақпарат туралы да пікір білдірді. «Бұл жүйе Еуропадағы, тіпті Азиядағы бірқатар елде әбден орнығып, тамырын тереңге жайған. Бірақ биліктің әмбебап формуласы жоқ. Менің аппаратым әлемдік тәжірибені мұқият зерделеп жатыр», - деді. Бұл туралы не айтасыз? Парламенттік басқару жүйесіне өтсек не өзгереді? Бұл бізге тән басқару жүйесі ме?
  2. Мемлекет басшысы сарапшылар мен дипломаттар Қазақстанды орта держава деп атай бастағанын айтты. Еліміздің әлемдік саясаттағы рөлін қалай бағалайсыз?

Спикер: Әйгерім Әбдірашитова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы.