Осы шығарылымда көретіндеріңіз: - Жаңаөзендіктерді жұмыспен қамту мәселесіне сенаторлар алаңдаушылық білдірді. Депутаттар жергілікті жерде технологиялық қондырғылар, электр жүйелері, пластикалық құбырлар шығаратын кәсіпорындар ашу керек дейді. - Ел жастары жат ағымдардың жетегінде кетіп жатыр. Сенаторлар діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарлама дайындауды ұсынды. - «Өңір» депутаттық тобы Ақмола облысында болып, ауыл әкімдерімен кездесті. Жергілікті халықты толғандырған мәселелерді тыңдады. «Сенат сөзі» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.