384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаршы метр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар енгізілмек

  • 629

Қазақстан Германиямен бірлесіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына цифрлық технологияларды енгізбек. Вена қаласында өткен «Еуропалық коммуналдық қызметтер апталығы-2018» халықаралық шарасында «ТКШ ҚазОрталық» АҚ мен неміс компаниясы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Ең алдымен, елордадағы көппәтерлі тұрғын үйлерге коммуналдық қызметті тұтыну мөлшерін анықтайтын интеллектуалдық құрылғылар орнату жоспарланып отыр. Қазір республикамызда тұрғын үй-коммуналдық секторын жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Заңнама жетілдіріліп, тұрғын үй қорын басқарудың озық әдістері мен алдыңғы қатарлы цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Құрылыс, сәулет және жылжымайтын мүлік туралы ең өзекті мәліметтер «Шаршы метр» бағдарламасында.

Хабар 24 телеарнасы