365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Испания Жерорта теңізінде қалып қойған мигранттарды қабылдауға келісім берді

  • 130

Испания Жерорта теңізінде қалып қойған мигранттарды қабылдауға келісім берді. Барар жер, басар тауы қалмаған «Аквариус» кемесін кіргізуден басқа мемлекеттер үзілді-кесілді бас тартыпты. BBC-дің хабарлауынша, Италияның жаңадан тағайындалған ішкі істер министрі Маттео Сальвини 629 мигрант мінген кемені айлаққа кіргізуге рұқсат бермеген. Министр қай жаққа бас тірерін білмей, Сицилия жағалауында бір тәулік бойы тұрған «Аквариус» кемесін Мальта қабылдауы керектігін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы