365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Кавендиш сортты банандар жер бетінен жойылып кетуі мүмкін

  • 82

Тропикалық саңырауқұлақ дүние жүзі бойынша банандарға қатер төндіріп отыр, деп жазады «Сан» басылымы. Фузариум оксиспорумның кубалық типі немесе Панама кеселі ретінде танымал бұл инфекция бүгінде Азия, Африка, Таяу Шығыс, Австралия мен Орталық Америкаға таралып үлгірген. Егер індет Оңтүстік Африкаға жетсе, Кавендиш сортты банандардың мүлдем жойылып кетуі мүмкін, деп дабыл қағады ғалымдар. Өйткені бананның дәл осы түрі күллі әлем бойынша сатылады екен, деп жазады журналист Джо Пинкстоун.

Хабар 24 телеарнасы