364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Британияда азық-түлік пен дәрі-дәрмек таусылады деген ақпарат жалған

  • 46

Британияда азық-түлік пен дәрі-дәрмек таусылады деген ақпарат жаңсақ. Ағылшын премьер-министрі Тереза Мэй халықты осылай жұбатып отыр.  Оның сөзінше, ЕО құрамынан шыққан Ұлыбританияның жағдайы қиындамайды. Дегенмен, барлық нәрсеге дайын болу керек. «Индепендент» басылымының жазуынша, бұған дейін Brexit мәселелері жөніндегі министр Доминик Рааб ЕО-мен келісім жасалмаса да, үкіметтің тұрғындарды қажетті азық қорымен қамтамасыз ете алатынын мәлімдеген болатын. Бұл қиын күнге дайындалу үшін Лондон 17 миллион долларын шығындамақ. Брексит белгіленген мерзімге сегіз ай қалса да, Британияның блокпен арадағы қарым-қатынасының қалай өрбитіні әлі беймәлім, деп жазады басылым тілшісі Роб Меррик.

Хабар 24 телеарнасы