364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Каспий теңізінің жағасындағы бес мемлекет ақыры бітімге келді

  • 82

Каспий теңізінің жағасындағы бес мемлекет ақыры келісімге келіп, 22 жылға созылған дауға нүкте қойды. Өткен жексенбіде Каспий маңы мемлекеттерінің Ақтаудағы кездесуі «БиБиСи» назарынан тыс қалмапты. Ресей, Иран, Әзірбайжан Қазақстан мен Түркіменстан ақыры бітімге келіп, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойды. Осылайша сыртқы сулармен байланысы жоқ жер бетіндегі ірі суқойма ресми түрде бөлінді. Бұл мәміле аймақтағы мұнай мен газ кеніштерін іздеу, өндіру мен жеткізу мәселелерін айтарлықтай жеңілдетеді. Құрылымы мен атауы теңіз болса да, заты көл болып келетін Каспийді бөлу ісінде қиындықтар туындады. Әрі шекара мәселесі де басы ашық күйінде қалған еді.

Хабар 24 телеарнасы