366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Мұнай бағасының қайта қымбаттауы мүмкін бе?

  • 52

Мұнай бағасының қайта қымбаттауы мүмкін бе? Әлемнің аузы дуалы экономистері 2014 жылдан бері қара алтынның баррелі 100 долларға жетерін болжап келеді. Хавьер Блас, Хису Ли, Альфред Канг пен Дэн Мертаф есімді тілшілер «Блумберг» бетінде осы мәселені көтеріпті. Өткен дүйсенбіде «Брент» маркасы күрт қымбаттады. Бұл - соңғы төрт жылда болмаған меже. Бірақ мұнайдың қымбаттауы тасымалдаушы елдер Ұйымынан өндіру көлемін ұлғайтуды талап еткен АҚШ президенті Дональд Трампқа жақпай отыр. Дегенмен Алжирдегі кездесуде картель мен оның одақтастары Американың мұнай бағасын төмендету туралы талабына құлақ аспау туралы тоқтамға келді. ОПЕК-тің бірбеткейлігі мен Иранның көнбістігі мұнай саласы мамандарының көңілінде үміт отын оятты.

Хабар 24 телеарнасы