375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Әлемде жәндіктердің үштен бірі жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр

  • 35

Түрлі жәндіктер күллі әлемде қынадай қырылып жатыр. Мұның салдары қандай болмағын Прессе басылымынан оқи аласыздар. Австралияның Сидней университетіндегі эколог Франциско Санчез-Байо жетекшілік еткен ғалымдар тобы жаға ұстатарлық деректерді алға тосады: бүгінде жәндіктердің тең жарымы қырылып жатыр; олардың үштен бірі жоғалып кетудің аз-ақ алдында. Небары бір жылдың ішінде жәндіктердің биомассасы 2,5 пайызға қысқарады екен. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, енді 100 жылдан кейін осы бір тіршілік иелері мүлдем ғайып болуы ғажап емес. Бұл ретте көбелектер, көңқоңыз, ара, сона секілді жарғаққанаттылар, сонымен қатар құмырсқаларға үлкен қатер төніп отыр.

Хабар 24 телеарнасы