378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Сауд Арабиясында қанша мұнай бар?

  • 37

Сауд Арабиясында қанша мұнай бар? Бұл туралы «Форбс» колумнисі Роберт Рапье жазыпты. Венесуэланың мұнай қоры 303 млрд баррельге жететіндігі ресми дәлелденген. Алайда бұл кеннің басым бөлігі экономикалық тұрғыдан тиімсіз аса ауыр мұнай саналады. Бұл «дәлелденген» санаттан гөрі «геологиялық қорға» көбірек келіңкірейді, деп жазады Рапье. Ал дүниежүзілік мұнай қорының 16% иеленген арабтардың байлығы әлемдік мұнай нарығы үшін ықпалды екен. Бірақ 1982 жылдан бері Эр-Рияд мұнай-газ саласына қатысты статистикасын жасыруға көшті. Осыдан кейін батыс сарапшылары бұл елдегі мұнай қоры туралы деректер тым асыра көрсетілген деген ұстанымда.

Хабар 24 телеарнасы