378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Америкада кәрілікпен күрестің тың тәсіліне сұраныс көбейді

  • 32

АҚШ-та басқа адамның қанын құйып, жасаруға тырысқандардың саны көбейді. Дегенмен федералдық департаменттің ескертуінен кейін азаматтарды бұлай емдеу ісі тоқтатылады, деп хабарлайды «ЭнБиСи Ньюс». Соңғы бірнеше жылда Америкада кәрілікпен күрестің тың тәсіліне сұраныс көбейді. Жас донордың қанын құйып, ағзаны жасартуға көмектесер жаңа стартаптар пайда болды. Бұл қызметтің құны - 8 мың доллардың көлемінде. Емхана дәрігерлерінің сөзінше, бұл процедуралар ұдайы жасалғанда ғана оң нәтижесін беріп, адам жасара бастайды екен. Бірақ ғалымдар бұған күманмен қарап отыр.

Хабар 24 телеарнасы