378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Мұхит суында оттегі таусылып бітуге таяу

  • 29

Мұхит суында оттегі таусылып бітуге таяу. Осылай деп дабыл қаққан ғалымдардың ескертуі кейбір әлсіз тіршілік иелеріне әсер етіп, түрлі өзгерістерге соқтырады, деп жазады «Сайентифик Американ» журналының тілшісі Лора Поппик. Мұхит суы жылынған сайын оттегі қорының азайып бара жатқаны ғалымдар үшін таңсық құбылыс емес. Бірақ бұл өзгерістің ауқымдылығы соншалық, шұғыл түрде шара қолдану қажеттігі туындап отыр. Өйткені теңіздегі экожүйеге зияны орасан. Германиядағы мұхиттарды зерттеу Орталығының океанографы Андреас Ошлис бүгінде өз командасымен бірге әлемдік мұхиттағы оттегі деңгейін бақылап, тың деректер анықтапты.

Хабар 24 телеарнасы