378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Тереза Мэй қуатты қалалар қорын құруды ұсынды

  • 27

Тереза Мэй қуатты қалалар қорын құруды ұсынды. Ұлыбритания премьерінің сөзінше, капиталы 1,6 млрд фунт стерлингті құрайтын қор Brexit бастамасын қолдаған елді мекендердің әлеуетін арттыруға күш салмақ. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Жалпы жаңа қор туралы алғашқы хабарды британдық ақпарат құралдары ақпан айында таратты. Көпшілік осындай бастама көтерген Тереза Мэй аймақтардағы оппозициялық Лейбористік партияның қолдауына арқа сүйегісі келеді деп сенеді. Дегенмен партияның баспасөз хатшысы Джон Макдоннелл бұл қорды пара ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Оның сөзінше, ел үкіметі осы қорды құру арқылы парламент мүшелерінің көмейін майламақ. Осылай ымыраға келген парламенттегілер Еуроодақтан шығу туралы заңды қолдап дауыс береді. Дегенмен британдық министрлер Тереза Мэйдің жоспарын қолдайтынын теріске шығарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы