379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Ford автокәсіпорны 5 мыңнан астам қызметкерін қысқартатынын мәлімдеді

  • 33

Америкалық Ford автокәсіпорны 5 мыңнан астам қызметкерін қысқартатынын мәлімдеді. Осылайша Ұлыбритания, Германия мен Франциядағы кәсіпорындар қысқартудың тырнағына ілікпек. Еуропа елдеріндегі қысқарту компанияның шығындарды азайту бағдарламасы шеңберінде жоспарланған деп жазады «Франц Пресс». Концерн басшылығы жұмысшыларға арнаған хатында бұл шара кемінде 500 млн долларды үнемдеуге мүмкіндік беретінін жеткізіпті. Америкалық компания қызметкерлерін әлеуметтік жауапкершілік таныта отырып, қысқартатынына сендіреді. Ал неміс ақпарат құралдарының дерегінше, америкалық концерн жасы 49-ға толмаған жұмысшыларына өтемақы төлейді. Ал елуді еңсерген мамандарға мерзімінен бұрын зейнетке шығуды ұсынбақ.

Хабар 24 телеарнасы