425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


COVID-19 індетіне байланысты төтенше жағдай биыл аяқталуы мүмкін | Шетелдік БАҚ

  • 406

- ДДСҰ COVID-19 індетіне байланысты төтенше жағдайдың биыл аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді. abcNEWS-тің хабарлауынша, бұл туралы осы ұйымның төтенше жағдайларға қарсы қызметінің басшысы, доктор Майкл Райан «Давос» форумында сөйлеген сөзінде айтқан.

- 102 миллионер әлемдегі ең бай адамдарға арналған салықты көтеруді сұрап отыр. 102 алпауыттың ашық хатында қазіргі салық жүйесі әділетсіз екені, осының кесірінен халықтың сенімінен айырылып қалудан қорқатыны айтылған, деп жазады Businessinsider.

- Табиғатты қорғау үшін ұлттық саябақтарды кеңейту жеткіліксіз, дейді ғалымдар. Guardian газетінің тілшісі биоалуантүрліліктің жоғалуын тоқтату үшін орынсыз ысырап пен зиянды субсидияларға қарсы күресу керек деп жазады.

- Ғалымдар Жер бетіндегі тіршілік иелерінің алтыншы рет жаппай қырылу үрдісі басталғанын ескертіп отыр.

«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы