476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Ғалымдар көзге көрінбейтін QR кодтарын жасап шығарды | Шетелдік БАҚ

  • 435

- Ғылыми фантастика шеңберінен шыққан космонавтика саласы бүгінде табысты бизнеске айналды. 

- Қытайдағы Қысқы Олимпиада «бір рет қолданылатын телефон ойындары» деген атаумен тарихта қалатын тәрізді. Өйткені арнайы қызмет өкілдері жеке деректердің жария болуынан қауіптеніп, спортшылардың жарысқа смартфонсыз келуін сұрап отыр, деп жазады Wired журналы. 

- АҚШ Мексикамен арадағы шекараны күзету үшін робот иттерді пайдалануды жоспарлап отыр. Яғни, аптап ыстығы ми қайнататын шөл дала мен таулы жерлер секілді жұмыс істеуге қолайсыз аймақтарда осы техника кеңінен қолданылмақ, деп баяндайды CBS News.

- Ғалымдар көзге көрінбейтін QR кодтарын жасап шығарды. Массачусетс технологиялық институтының сайтындағы ақпаратқа сенсек, үш өлшемді мөр боп басылатын бұл таңбалар инфрақызыл камерасы бар кез келген смартфон арқылы оқылады екен.

«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы