476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Ұлттық Ұлан | Әскер KZ

  • 296

Қазақстанның Қарулы күштері – тәуелсіздіктің басты тірегі, бейбіт өмірдің кепілі. Осы 30 жылда саясат, экономика сынды салалар қарқынды дамыды. Елдің қорғанысы да беки түсті. Құрылғалы бері небір соқтықпалы-соқпалы кезеңдерден өтті. Сөйте тұра мүжілмеді. Ұлттық Ұлан сарбаздары мінез танытты. Берік құрылым екенін тағы бір айқындай түсті.

Ұлттық Ұлан - ел қалқаны. Олар ел ішіндегі тәртіпті қадағалап, тұрғындардың қауіпсіздігіне баса назар аударып жүр. Төтенше жағдай кезінде алдыңғы шептен табылады. Дер кезінде көмекке келеді. Олар Ішкі істер органдарына қарайды. Бірақ қорғаныс саласында маңызды рөл атқарады.

 

Хабар 24 телеарнасы