Бокстағы түйе палуан Қамшыбек Қоңқабаев

Бокс дегенде ұлттық құрамада аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаевпен эксклюзивті сұхбат жазған едік. Жанкүйерлер жақсы біледі, Қамшыбек үнемі алтынға сәл жетпей тоқтайды. Мейлі ол әлем чемпионаты болсын, олимпиада болсын. Енді алдағы жазғы ойындарда осы кеткен есені қайтарып, елдің үмітін ақтап, қалай да чемпион атанам деген мақсат қойып отыр.