Қытайдағы қысқы Азия ойындарында ұлттық құрама қандай нәтиже көрсетуде?
«Sport Time» бағдарламасы Қытайдың солтүстігіндегі ең суық қаласы Харвин шаһарында. Мұнда қысқы Азия ойындары өтіп жатыр. Қысқы Азия ойындары түсінікті болуы үшін айта кетейін, бұл қысқы спорт түрлері бойынша жылдың басты бәсекесі саналады. Сондай-ақ алдағы олимпиадаға негізгі дайындық есебінде жүреді. Міне, байрақты бәсекеге 137 спортшымыз қатысуға мүмкіндік алды. Олар спорттың 6 түрінде оның 10 бағытында медальға қол созып көреді. Жалпы командалық есепте алдыңғы бестікке кіреміз деген жоспар құрылды. Енді әлеуетін көреміз, шама-шарқымызды байқаймыз. Біз осы мақсатта дәл осы жерге табан тіредік. Күнделікті, тіпті сағат сайын 24КZ арнасы арқылы тікелей соңғы жаңалықтармен бөлісіп отырмыз. Ал «Sport Time» бағдарламасында осы жарыс аясындағы сараптамалық ойларымызды және эксклюзивті сұхбаттарымызды сіздерге ұсынғымыз келеді.