Елімізде балалар футболына үлкен жағдай жасалып жатыр

Елорда төріндегі «Астана Арена» және дәл осы жерде бұдан былай жергілікті жасөспірімдер мен балалар жаттыға алады. Міне, осындай керемет жаңалықты алдық және оған көз жеткізу үшін арнайы стадионға табан тіреп тұрмыз. Бәрімізге белгілі жуырда ғана дәл осы стадион күрделі жөндеуден өтті. Балаларды футболға баулитын жергілікті спорт мектебі шәкірттерін дәл осы жерде жаттығуға және әртүрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Бұған дейін бұндай жағдай болмаған. Еліміздің басты стадионы балалар футболын дамытуға, өркендетуге қызмет етіп жатқандығы қуантады.