Ақтауда каратэден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті

«Спорт тайм» бағдарламасы! Ақтау қаласындағы «Халық аренада». Бірер күн бұрын каратэнің WKF бағыты бойынша ересектерар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Түсінікті болу үшін айта кетейін, каратэнің WKF бағыты дегеніміз бұрын Олимпиада бағдарламасында болған. Қазір Азия ойындарының бағдарламасында бар. Сәйкесінше дәл осы бағытты дамытуға елімізде ерекше көңіл бөлінеді. Қатысуышлардың саны да өте көп. Биыл тіпті рекордтық деңгейге жетті. Олар екі күн бойы осы жерде өзара мықтыны анықтады және жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, алда Азия, Әлем чемпионаттары бар, басқа да халықаралық жарыстар бар, сонда ел намысын қорғайтын спортшыларымыз анықталды. Ал біз енді оның барысын көру үшін арнайы келдік.