Оралда WKF каратэден халықаралық жарыс өтті

«Sport Time» бағдарламасы Орал қаласында. «Жайық Аренада» каратэнің WKF бағыты бойынша халықаралық турнир өтіп жатыр. Бұл күнтізбедегі көп жарыстардың бірі десек болады. Мұнда келуіміздің өзіндік себебі бар. Біріншіден, «Жайық Аренасына» алғаш рет табаным тиіп тұр. Көпфункционалды кешеннің осындай облыс орталығына жергілікті спортшылар үшін және жергілікті спортты дамыту үшін салынғаны үлкен қуаныш, яғни үлкен олжа деп ойлаймын. Екіншіден, спорт кешені халықаралық турнирді қабылдап жатыр. халықаралық турнир бірінші рет мың адамның басын қосып, қомақты жүлде (16 млн теңге) қорын қарастырып отыр. Сондықтан дәл осы жарыстың деңгейі бөлек және айтары да көп.