Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді
Sport time бағдарламасы Астана төріндегі «Жекпе-жек» сарайында. Мұнда бірер күннен кейін бокстан байрақты бәсеке өтеді. Нақтырақ айтқанда, бокстан Әлем кубогын қабылдаймыз. Иә, Қазақстан осындай құрметке ие болды және бұл отандық спорт үшін өзіндік тарихи оқиға саналады. Өйткені алғаш рет еліміз World Вoxing халықаралық ұйымының додасын қабылдағалы жатыр. Оған 30-дан аса елден 300-ден аса былғары қолғап шебері жиналады. Дәл осы жерде бір апта бойы ең мықтыны анықтайды. Қазірдің өзінде біраз елден өкілдері келіп үлгерді. Боксшылар бірлескен жаттығу жиынын бастады және негізгі бәсекеге де аз уақыт қалды. Осы тұрғыда ұлттық құраманың басы-қасындағы баспкерлерінен, федерацияның құрамындағы мамандардан көкейдегі сұрақтарға жауап алып, сіздерге ұсынамыз.