Елімізде футболдан әуесқойлар лигасы басталды

Sport time бағдарламасының бүгінгі тақырыбы футбол жайында болмақ. Нақтырақ айтқанда, әуесқой футбол туралы. Біреу білсе, біреу білмес, Қазақстан футбол федерациясы осыдан бірер апта бұрын елімізде әуесқойлар лигасының басталғанын ресми жариялады. Яғни еліміздегі тасада қалған таланттарды іздеп, оларға кәсіпқой футболға жол ашуға мүмкіндік бермек. Осы мақсатта арнайы лига ұйымдастырылды және оған ә дегеннен 268 команда, еліміз бойынша жиырма облыс болса, барлық аймақтан осынша команда тіркелді. Онда 5 мың ойыншы 1,5 мың матч өткізеді деген сөз. Осындай үлкен жобаның арқасында нағыз мықтыларды анықтап, Қазақстан чемпионатына қосу және УЕФА-ның әуесқойлар лигасы бар, сол әлемдік аламанға қосу жоспарда бар. Біз осы жарыстардың барысын көру үшін және сіздерге көрсету үшін арнайы шығарылымды дайындағалы отырмыз. Қазір Астанадағы лиганың барысын көреміз және алдағы күндері еліміздің басқа аймақтарынан да осындай шығарылымдар дайындаймыз.