Түркістанда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Түркістан облысындағы «Алматау» спорттық базасында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Жыл басталмай жатып-ақ, ұлттық құрамамыз дайындықты бастап кетті. Бұл жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 68 боксшы жиналды. Спортшылар жалпы физикалық дайындыққа басымдық беріп жатыр. Бұл - жаттығу жиынының бастапқы әрі негізгі кезеңі. Осы бағытта жұмыстар пысықталуда.