Елімізде көкпардан әлем чемпионаты өтеді

Біздің бүгінгі әңгімеміз ұлттық спорт жайында болмақ. Оның ішінде көкпарға тоқталамыз. Өйткені елімізде көкпардан әлем чемпионаты өтеді. Осындай қоңыр жаңалықпен бөліскенді жөн көрдік. Әсіресе бұл ұлттық спорттың жанкүйерлері мен жанашырлары үшін өте жағымды жаңалық.

Астанада, мен тұрған жерде, кезінде үлкен дода өткен еді. Енді араға осынша ұзақ уақыт салып, Түркістанда екінші рет әлем чемпионаты өтпек. Оған жер-жерден елдің басы қосылады. Өте тартысты, өте қызықты бәсеке болады деп күтілуде. Бұл шара Наурыз мерекесінің аясында өтетін ірі спорттық оқиға болмақ.