Азаматтардың әлеуметтік мәселесін шешіп беремін деген алаяқ ұсталды
Ақтөбеде азаматтардың сеніміне кіріп, әлеуметтік мәселесін шешіп беремін деген алаяқ ұсталды. Ол 51 жастағы әйелдің ІІІ топтағы мүгедектігі бар баласын ІІ топқа ауыстырып беремін деп 400 мың теңгесін алып алған. Енді бірде кембағал баланы тәрбиелеп отырған 27 жастағы тұрғынға баспана кезегін жылжытып беремін деп уәде берген. Алайда бір миллион теңге қаржыны қалтасына басқан алаяқ сертінен тайып кеткен.