Медициналық сыбайлас жемқорлық – денсаулыққа қауіп
Елімізде медициналық сыбайлас жемқорлықтың жақсы дамығаны бәрімізге белгілі. Бізде жемқорлық дәрігер мен пациент арасында ғана емес, ол тіпті, дәрі-дәрмек бағасын белгілеу процесінен басталады. Медицинадағы жемқорлық санаулы адамдар үшін қалыпты жағдай мен тұрақты табыс көзіне айналған. Бірақ бұл біздің болашағымызға қауіпті сигнал.
Бүгін дәрі-дәрмек, отандық фармацептикалық өндіріс саласындағы сыбайлас жемқорлық туралы айтамыз.