Жасанды интеллект жемқорлықпен күрес мәселесін шеше ме?

Жемқордың орнын жасанды интеллект басады. Ал «бақылау», «қадағалау», «тексеру», «рұсат беру», тіпті «әкімдік» деген сөз мүмкін ұмытылуы мүмкін. Мәжілісмендер жақын болашаққа осындай болжам жасады. Депутаттардан тағы бір тосын мәлімдеме: жалпы ер-азаматты пара алуға, қазына қаржысын жымқыруға итермелеп, мәжбүрлейтін үйдегі қанағатсыз әйелдер екен. Осылайша, біздің депутаттар әлем елдері жеңе алмай отырған дерттің түп тамырын тапқан сыңайлы. Ал «дұрыс қойылған диагноз – жарты ем» демеуші ме еді?! Бүгін осы айтылғандарды тарқатамыз.