Академиялық адалдық лигасының қызметі қандай?

Адалдық кеткен жерге жемқорлық келеді. Бұл екеуі бір-бірімен кездеспейді, бірін бірі көрмейді. Өйткені екеуінің жолы түйіспейді. Өкініштісі, басқаны айтпағанда, тіпті, бала да бойындағы адалдыққа сызат түсіріп алуы мүмкін. Өз қолымен істейді немесе өзгелердің әрекетінен көріп, қайталайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Академиялық адалдық лигасымен бірлесіп жаңа жоба бастады. Сарапшылар мектептерге мониторинг жүргізбекші. Бүгін осы тақырыпты тарқатамыз.