Талдау. Болашаққа үміт сыйлар орталық

superkor.com

Олар үшін саусақтың ұшын қимылдатудың өзі еңбекпен келеді. Біз бүгінгі шығарылымда «Республикалық балаларды оңалту орталығы» жайында айтпақпыз.

Оңалту орталығы Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2007 жылы ашылды. Сол жылдың қысында алғашқы емделушілерді қабылдады. Мұнда балалар квота арқылы келеді. Орталық 1 айналымда 300 бүлдіршінді қабылдайды. Ол түрлі диагноздағы 1 мен 18 жастағы балалар. Жылына солай 14 айналым кезегімен 4 мыңнан астам бала ем қабылдайды. Астанадағы медициналық ұйым қызметін бағдарламада толығырақ тарқатамыз.