Талдау. Білім беру жүйесі ерекше оқу ордасы
Соңғы 7-8 жылдан бері елімізде білім берудің батыстық үлгісі тәжірибеден өтіп жатыр. Оны қолға алғандардың бірі Назарбаев зияткерлік мектебі.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2008 жылдың көктемінен бастап отандық педагогика мамандары 3 тілде қатар оқытатын білім ордасының іргетасын қалауды бастайды. 2009 жылдың қаңтарында мектеп өз шәкірттеріне есігін ашты. Бүгінде еліміз бойынша 20 зияткерлік мектеп жұмыс істейді. Олар белгілі бір пәндерді тереңдетіп оқытады. Мәселен Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Павлодар өңірлеріндегі білім шаңырақтары химия-биология бағытында тереңдетіп оқытса, 20 мектептің басым бөлігі физика-математика бағытына бейім. Мектептің білім беру бағдарламасы өзгелерден мүлдем бөлек. Мұндағы балалардың логикалық ойлау қабілеті жоғары. 3 тілді еркін меңгерген олар білген-түйгендерін тәжірибе түрінде өздері көрсетеді. Биылдан бастап оқу ордасындағы тәртіп өзгермек. Ендігіде зияткерлік мектепке тек 7-сыныптан мемлекеттік оқу грантына іліккен жеткіншектер ғана алынады. Гранттық оқу орындарына кімдер іліге алады? Оқушылар тапсырған емтихандар қай мемлекеттерде тексеріледі? Ұстаздарға қойылар талап қандай? Білім ордасы жайлы толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.