Талдау. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дегеніміз не?
Мемлекеттің азаматтармен орнатып жатқан іскерлік қарым-қатынасының бір жолы туралы бүгінгі шығарылымда айтамыз. Ол – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік.
Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасында мемлекеттің жеке қаржылық тараптармен жұмысты жандандыру керектігі баса айтылды. 2015 жылдың күзінде арнайы заң күшіне еніп, осы бағытта 300-ге жуық кездесулер өткізілді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы алаңында жеке тараптың 70 пайызға жуығы жекеменшік әріптестік жобаларына қатысамын деген ниет білдірді. Орталық мәліметіне жүгінсек бүгінде әзірленіп жатқан 102 жоба бар. Бірінің келіссөздері енді жүргізіліп жатса, екіншісі іске асуға дайын. Жалпы бұл әріптестіктен тараптар не ұтады? Мемлекет пен кәсіпкер үшін қандай тиімді тұстары бар?