Талдау. Балалар аутизмі

Бұл дертке шалдыққан балаларды қоғамға қалай бейімдей аламыз?

Таяуда Республикалық балаларды оңалту орталығында «Қамқор» бөлімі ашылды. Бұл әзірге аутизмге шалдыққан балалардың өздеріне де, ата-анасына да демеу көрсетуге ниетті жалғыз мемлекеттік мекеме. Бөлім 1 ретте 10 баланы қабылдай алады. Мұнда балалар күндіз-түні мамандар қарауында. Логопед, психолог, ойын және еңбек терапевтері секілді бас-аяғы 10 шақты маман қызмет етеді.

Жалпы диагнозы соңғы 30-40 жылда ғана қойыла бастаған бұл аурудың себебі неде? Мамандар не дейді? Елімізде осы дертке шалдыққан нақты қанша бала бар?