Талдау. Ауруларды басқару бағдарламасы

trends.directindustry.de

Бұл бағдарлама 3 жылдан бері Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында сынақтан өтті. Биыл ол еліміздің 5 аймағын,  ал келер жылдан бастап барлық өңірлерді қамтымақ.

Қазақстандықтардың 43 пайызы қан қысымының жоғарлауы, қант диабеті және созылмалы жүрек ауруы сынды сырқаттарға жиі шалдығады. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ дейді мамандар. Сондықтан жоба аясында осы 3 ауру түрі таңдап алынды.

Отандық медицина саласында жүзеге асып жатқан бұл бағдарламаның тиімділігі неде? Алғашқы көрсеткіштері мен нәтижелері қандай? Мамандар бұл жайлы не дейді?