Талдау. Бала сүю құны қанша?
Елімізде балалы бола алмай жүргендердің қатары жылына 500 мың адамға көбейіп отыр дейді мамандар.
Бұл ретте перзент сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптылар бас қаладағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлеріне жүгінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған ірі медициналық мекеме алғашқы емделушілеріне есігін 2007 жылы ашты. Бұл орталықтың қажеттілігінде сол кездің өзінде-ақ күмән болмады. Себебі қазіргі қоғамда ана мен сәби денсаулығы көңіл көншітпей отыр дейді мамандар. Озық технологиялармен жабдықталған орталықтың жұмысы қалай жүргізіледі? Ана мен бала үшін онда қандай емдеу шаралары жүргізіледі? Бала сүю құны қанша?