Талдау. Жергілікті полиция қызметі
Елбасы Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында халыққа есеп беріп отыратын жергілікті полиция қызметін құру туралы тапсырма жүктеген болатын.
30 және 31-қадамдарды орындау мақсатында 2015 жылдың күзінде Парламент арнайы заң жобасын бекітті. Нәтижесінде 2016 жылдың басында жергілікті полиция қызметі құрылды.
Жергілікті полиция қызметінің негізгі міндеттеріне не жатады? Осы уақыт аралығында қандай нәтижелерге қол жеткізілді? Толық ақпаратты бүгінгі шығарылымнан біле аласыздар.