Талдау. Қарқынды дамудың қадамы қандай?
Өзін-өзі қамтамасыз ете алған мемлекет қана өзгелермен иық тіресіп, бәсекелес бола алады.
Осы бағытта елімізде ширек ғасырға жуық уақыт аралығында ондаған мемлекеттік бағдарлама, жүздеген салалық реформа, мыңдаған заң қабылданды. Бүгін біз солардың бірі және бірегейі «Нұрлы жол» бағдарламасына тоқталмақпыз. Елбасының тапсырмасымен елімізде алдағы 5 жылда 11 магистраль төселуі тиіс. Орталықты өзге өңірлердің түкпір-түкпірімен байланыстыратын тас жолдар қандай стандартта жасалып жатыр? Бағдарлама аясында жүзеге асып жатқан өзге де маңызды жобалар жайлы толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.