Талдау. Еліміздегі автомобиль жолдарының құрылысы

www.bonnamy-tp.fr

Бүгінгі таңда елімізде 23,5 мыңнан астам шақырым республикалық тас жол бар.

Дені кеңес заманынан қалған дүние. Көбінің тозығы жеткен. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасында 2020 жылға дейін Қазақстанды 7,5 мың автомобиль жолы салынуы тиіс деп Үкіметке тапсырма жүктеді. Жол құрылысына жауапты «ҚазАвтоЖол» ҰК мәліметіне сүйенсек, құрылыс жүріп жатқан 11 жоба заманауи талаптарға сай келетін батыстық үлгідегі жолдар болмақ. Ендеше бүгінгі шығарылымды біз Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуына арнаймыз.