Талдау. Кәсіпкерлікке бастар алғашқы қадам
Бүгінгі таңда өз кәсібін ашуды ұйғарған азаматтар үшін мемелекет тарапынан түрлі қолдаулар жасалуда.
Солардың бірі бизнесті дамытуға арналған жеңілдетілген несиелер. Үстемақысы 6 пайыз болатын несиеге азамат отандық банктер арқылы қол жеткізе алады. Ал «Даму» қоры 85 пайызға дейін кепілдік бере алады. Бүгінгі бағдарламаны біз осы қордың жұмысына арнамақпыз.