Шымкентте экологтар тапшы

Пайдалы қазба және мұнай өндіру, өңдеу секілді көптеген ауқымды істің өндіріс кезеңінде экологиялық қауіпсіздіктің сақталмауы, сол аймақтың тіршілік ортасы мен ауа сапасына үлкен әсерін тигізеді. Тіпті табиғатқа да орасан зор шығын алып келеді. Сондықтан қазіргі таңда қоршаған ортаға жанашырлық танытып, өз денсаулығымен қоса өзгелердің денсаулығын қоса ойлайтын эколог мамандар елімізге ауадай қажет. 

Бүгінде осы салаға Шымкент тұрғындары қаншалықты ден қойып, онымен айналысады? Эколог мамандардың тапшылығы мұнда сезіле ме? Осы сауалдардың жауабын Таза Қазақстан жобасының аясында бірге зерттейік.