Мұнайлы өлкенің экологиялық ахуалы
Ақтау – Каспий теңізінің жағалауындағы 300 мыңға жуық тұрғыны бар қала. Оның экологиясына әсер ететін факторлар тек қала ішіндегі жағдаймен ғана шектелмейді, сонымен қатар теңіз, жер асты су көздері және туристердің соңғы кезде көптеп келуін сол қатарға қосуға болады. Осыған орай қаланы абаттандырып, экологияны сақтау және тұрақтандыру үшін бастамалар көтерілу керектігі айтпаса да түсінікті. Бүгінде Ақтаудың келбеті қаншалықты жақсы жаққа өзгеруде? Тұрғындар не дейді? Бүгінгі бағдарламада зерделемекпіз.