Жетісу облысы. Мұсабек ауылының экологиясы мен ауылшаруашылығы
Табиғат пен адам егіз ұғым. Адамзатсыз табиғат тіршілігін жалғастыра бергенімен, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан оны күтіп-баптау ісі барлығымызға ортақ міндеттің біріне айналары сөзсіз. Ал оны өзінің өмірлік миссиясына айналдырып алған жандар да ортамызда жүр. Соның бірі – ел арасында «Көктерек көке» аталып кеткен жанды танисыздар ма? Оны іздеп біз арнайы Жетісу облысындағы Мұсабек ауылына келдік.